Мемлекеттік интернет-ресурстар және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне халықтың өтініш беру арналары.
Барлық ақпарат "Adaldyq council" - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен халықтың өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі орталық жобасы шеңберінде дайындалған және ақпарат іздеуді және мемлекеттік органдарға өтініштер беруді жеңілдетуге бағытталған.
1. «Адалдық алаңы» жоба кеңсесінің жетекшісіне электронды өтініш қалдыру
Тұрғындардың өтініштері үшін барлық арналарды, оларды қарау тәртібін көрсете отырып, шертілетін инфографика әзірленді, бұл жүгінушінің ақпарат іздеуді жеңілдетіп, уақытын үнемдейді
2.Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі
Ақпараттық технологиялар көмегімен мемлекет пен азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бір-бірімен өзара іс-қимылының бірыңғай тетігі.
3.eGov mobile мобильді қосымшасы
«eGov Mobile» электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы - eGov.kz жаңартылған экожүйеcі әрі халыққа мемлекеттік қызметтер мен сервистерді ұсынатын бағдарлама.
Ашық үкімет платформасында мемлекеттік органның бюджетімен танысуға, ашық деректерге қол жеткізуге, мемлекеттік органдардың қызметін бағалауға, нормативтік құқықтық актілердің жобасына ұсыныс беруге болады.
4.Ашық үкімет
Мобильді және компьютерлік пайдалануға арналған телеграмм-бот, IT саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен стартап бизнес туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
5.Бот-анықтама
Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау қайырымдылық қорғауды, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды, білім алуға қолжетімділікті және мүгедек адамдардың қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкіндіктер жасауға бағытталған өзге де шараларды ұсынады.
6.Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау
Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.
7.Әлеуметтік қызметтер порталы
Жұмыс іздеу және жұмыскерлерді іріктеуге жәрдемдесу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң болып табылады.
8.Enbek.kz
9.Мемлекеттік органдарға ресми өтініштер беру сайты
Түрлі облыстардың, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ОМО/ЖАО сарапшыларының сұрақтар мен жауаптар форматында ҚР тұрғындарымен/азаматтарымен тікелей өзара іс-әрекет жасауға арналған платформа.
Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бойынша қолдау алуға болатын Қазақстандық халықаралық бюросы
10."Bureau" Қазақстандық халықаралық бюросы
11.Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі
Әлеуметтік-еңбек саласында, сондай-ақ құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметі жөніндегі құжаттар
Басшылықтың, Комитеттің құрылымы және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқа да қайраткерлері туралы жалпы ақпарат
12.Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Мәдениет, ішкі саяси тұрақтылық, этносаралық келісім, тілдерді дамыту, Мемлекеттік рәміздер, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, архив ісі және құжаттама, Діни қызмет, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі салаларында, сондай — ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестіру мен мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қызметі жөніндегі құжаттар
Басшылықтың, Комитеттің құрылымы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басқа да қайраткерлері бойынша жалпы ақпарат
13.Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету, оларды мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардың сақтауы мен құрметтеуі мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес белгіленген жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі жөніндегі құжаттар
14.Әлеуметтік-мәдени даму және Ғылым комитеті
ҚР әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің құрылымы сайтында белгілі бір депутатқа жүгініп, оның өмірбаяны туралы біле аласыз
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына жүгіне аласыз
15.KAZKENES.kz - Қоғамдық кеңестер қызметі туралы бірыңғай портал
Мұнда сіз қоғамдық кеңестердің қызметі, олардың құрамы туралы ақпаратты таба аласыз, оларға жүгініп, талдау және әдістемелік материалдарды жүктей аласыз.
16.Cityinfo
Барлық мемлекеттік сайттар бір жерде жиналған портал
Сайт АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын "Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар" бағдарламасы аясында Еуразия Қорының қолдауымен ұйымдастырылды