Бірлесіп жұмыс істеуге дайынсыз ба немесе сұрақтарыңыз бар ма?
Форманы толтырыңыз, біз сізбен жақын арада хабарласамыз.
Оставляя заявку, вы соглашаетесь с условиями обработки персональных данных
Ағартушылық жобалар
«Халықтық сарапшылар» жобасы
Жобаның мақсаты: мүгедектердің өздерінің белсенді қатысуы арқылы Қазақстанда инклюзивті саясатты әзірлеу мен енгізуге ықпал ету. Жоба мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсартуға, құқықтарын қорғауға және мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған инклюзивті саясат тұжырымдамасы мен іс-қимыл жоспары бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеуде.
Жоба серіктестері:
Жобаның негізгі нәтижелері:
6 бағыт бойынша 173 ұсыныс
Конкурстық іріктеудің 3 кезеңі
47 адам қорытынды іріктеуден өтіп, жоба сарапшысы атанды
АҚШ жол жүру гранты жобасы
Жобаның мақсаты: Казақстандық азаматтық қоғамды таныстыру үшін халықаралық форумдарға қазақстандық адам құқықтары ұйымдары өкілдерінің қатысуын қолдау.
Жоба серіктестері:
Жобаның негізгі нәтижелері:
Халықаралық ұйымдармен, сарапшылық орталықтармен және серіктестермен 16-дан астам жұмыс кездесулері мен келіссөздер өткізілді.
USAID, UN DESA, Brookings Institution, EPAM, Special Olympics, АҚШ Еңбек министрлігі және Eurasia Foundation ұйымдарымен байланыс орнатылып, ынтымақтастық бағыттары талқыланды
Қазақстанның азаматтық қоғамының негізгі мәселелері мен бастамалары дайындалып, ұсынылды, сондай-ақ алдағы жұмыс пен серіктестікті дамыту үшін тәжірибелер мен ұсыныстар жиналды.
Ресей жол жүру гранты жобасы
Жобаның мақсаты: Қазақстанның азаматтық қоғамын таныстыру үшін қазақстандық құқық қорғау ұйымдары өкілдерінің халықаралық алаңдарға қатысуына қолдау көрсету.
Жоба серіктестері:
Жобаның негізгі нәтижелері:
Ресейдегі бейінді ұйымдармен және серіктестермен 5 жұмыс кездесуі өткізілді.
Мүгедектігі бар жандардың құқықтары мен мүмкіндіктеріне қатысты бастамаларды қолдау және байланысты нығайту мақсатында Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығымен кездесу өткізілді.
«Особое детство», «Перспектива», Бүкілресейлік мүгедектер қоғамымен, сондай-ақ Рауль қорымен байланыс орнатылып, ынтымақтастық форматтары талқыланды.
Adaldyq Council жобасы
Жобаның мақсаты: консультациялар беру және күрделі мәселелерді шешуге көмектесу арқылы азаматтық қоғамның ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жайлы әрі ашық іс-қимылын қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік осал топтары арасында оң өзгерістерге ықпал ету және әлеуметтік шиеленісті азайту.
Жоба серіктестері:
Жобаның негізгі нәтижелері:
Жобаға қатысуға 99 өтінім түсті
47 қатысушы іріктеліп алынды
13 халықтық сарапшы дайындалды
5 оқу курсы өткізілд
Бағдарлама 2 айға созылды
Халыққа 200-ден астам консультация берілді
«Азаматтық технологиялар» жобасы
Жобаның мақсаты: инклюзивті азаматтық технологиялар мен цифрлық сауаттылық, қауымдастық басқаратын әлеуметтік шешімдер және стратегиялық ақпараттық науқан арқылы Қазақстандағы барлық деңгейдегі шешім қабылдау процесінде әйелдер мен жастардың рөлін күшейту.
Жоба серіктестері:
Жобаның негізгі нәтижелері:
307 өтінім
5 ақпараттық науқан өткізілді
121 қатысушы марафонды аяқтады
Орыс және қазақ тілдерінде марафонның 3 легі
Онлайн бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
Жобаның мақсаты: мүгедектігі бар жандарды еңбек өміріне белсенді қатысуға тарту, олардың талантын ашуға және жаңа мүмкіндіктер табуға көмектесу.
Жоба серіктестері:
Жобаның негізгі нәтижелері:
Мүгедектігі бар жандарға арналған 501 бос жұмыс орны
252 түйіндеме (резюме) тапсырылды
64 жұмыс беруші
69 жұмыс іздеуші
1 835 қатысушы
«Сен жалғыз емессің!» жобасы
Жобаның мақсаты: COVID-19 төтенше жағдайы кезінде мүгедек жандарға гуманитарлық көмек көрсету болды. Бұл қолдау азық-түлік пакеттерін жеткізуді, психологиялық қолдауды және кеңес беруді қамтыды.
Жоба серіктестері:
Жобаның негізгі нәтижелері:
Алматыдағы 128 отбасы азық-түлік себеттерінің атаулы жеткізілімін алды
130 отбасы жеке кеңес алды
Мүмкіндігі шектеулі 30 балаға мектеп сыйлықтары берілді
98 отбасы психологиялық көмек алды
Жедел жәрдем жобасы
Жобаның мақсаты - төтенше жағдай кезінде азаматтарға азық-түлік себеттері түрінде гуманитарлық көмек көрсету және қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға психологиялық қолдау көрсету арқылы қолдау көрсету.
Жоба серіктестері:
Жобаның негізгі нәтижелері:
26 отбасыға өмірлік маңызды дәрі-дәрмектер түрінде гуманитарлық көмек көрсетілді.
180 отбасыға қажетті тауарлар түрінде гуманитарлық көмек көрсетілді.
«Жаңа жылдық сыйлықтар» жобасы
Жобаның мақсаты - қордың түлектеріне өмір сүру сапасын жақсарту және олардың дене белсенділігі мен денсаулығын сақтауға көмектесу үшін қайырымдылық қолдау көрсету.
Жоба серіктестері:
Жобаның негізгі нәтижелері:
18 ортопедиялық жастық сыйға тартылды
1 мүгедектер арбасы сыйға тартылды
1 тренинг өткізілді
Форманы толтырыңыз, біз сізбен жақын арада хабарласамыз.
Бірлесіп жұмыс істеуге дайынсыз ба немесе сұрақтарыңыз бар ма?